Жаңа жылда Атырауда тағы да балық қырылды. Жылыой ауданындағы каналдардың бірінде жаппай қырылған балық табылды. Су бетіне қалқып шыққан балықтың өлекселерін жинап келгенде, қырылған балықтың жалпы салмағы 500 келіден асып кеткен.
Атырауда тағы да балық қырылды
630
оқылды

Балық шаруашылығы комитетінің Жа­йық-Каспий облысаралық бассейндік ба­лық шаруашылығы инспекциясы тө­­­тен­ше жағдайдан кейін шұғыл мәлім­деме жа­сады. Алдын ала жасалған қоры­­­тынды бойынша, балықтың қырылуына каналға қалың мұз қатып, судағы оттегінің жетіс­­пеуі себеп бо­луы мүмкін. Нақты зерт­­­­­теу нә­­­ти­жесі әзірге жариялана қойған жоқ. Алай­да мұндай оқиға бірінші рет кез­­десіп отырған жағдай емес. Атырау үшін дәл осы төтенше жағдай жылына бір емес, бірнеше рет болатынына жергі­­лікті тұр­ғын­дар­­дың еті үйреніп барады де­­сек те болады.

Жаппай балық қырылуына қатысты атышулы төтенше жағдайлардың бірі 2018 жылдың желтоқсанында болған. Жергі­­­лікті тұрғындар, тіпті осы бір эколо­­гиялық апатқа байланысты қылмыстық істің қоз­­ғал­­ғанын да жақсы біледі. Сол кезде ба­лық өлімі Жайық өзенінің жасанды тар­мағы Төменгі Перетаска арнасында тір­­­­­кел­­­­­ді. Бұл арнаға екі ірі кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Атырау жылу электр стансасы жақын орналасқан. Оқиға тіркел­­­геннен кейін келесі күні «Аты­­­­рау су арна­­сы» мекемесінің су тазарту құрылғы­лары орнатылған аумақта жаппай балық қырыл­ғаны белгілі болды.

Әлеуметтік желілер мен мессенд­­­жер­лерді «басып алған» мұз астында өлген балықтардың видеосынан кейін, шұғыл түрде ведомствоаралық комиссия құры­­лып, оны Атырау облысының сол кездегі әкімі Нұрлан Ноғаев басқарды. 

Комиссия құрамына су сапасы, эко­­логия, орман, жануарлар мен балық шаруа­­­­­­шылығы, халық денсаулығы сияқты салаларға жауапты мемлекеттік органдар мен «Ұлттық сараптама орталығы», «Қаз­­­­гидромет», «Су ресурстары қолданысын реттеу және қорғау бойынша Жайық-Каспий бассейні инспекциясы» өңірлік бөлімшелерінің өкілдері кірді.

Жаппай балық қырылуына байла­­­нысты Қылмыстық кодекстің 328-ші («Су бетін ластап, қоршаған ортаға ірі көлемде зиян келтіру») және 204-бабы («Біреудің мүлкін құртып, аса ірі көлемде зиян кел­­ті­ру») бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Сол уақытта Луговской жылқы зауыты мен Жайық-Атырау бекіре зауытының Атыраудағы аудандарында бекіре тұқым­дас балық қырылғаны анықталды.

Ресми дерек бойынша, сол кезде Лу­­­гов­­­­­­ской жылқы зауытында – 100 тоннаға жуық, Жайық-Атырау бекіре балық зауытында – 2 тоннадай балық қырылды. Жайық өзенінде қырылған қара балықтың жалпы салмағы – 4,1 тоннаға, Перетаска арнасында қырылған балықтың жалпы салмағы 1,3 тоннаға жетті. 

Сол кезде Ауыл шаруашылығы ми­нис­тр­­лігінің Ветеринарлық қадағалау ко­ми­теті балықтың қырылуына «аммиак­­тың зия­­ны тиді» деген лабораториялық қоры­­тынды жасады. Атыраулық экологтер «су­­­дың лас­­тануы себеп болды. Оған жергі­­­­лікті кәсіп­­орындар кінәлі» деген уәжді алға тарт­­ты. 

Республика деңгейіне дейін көтерілген шулы оқиғадан кейін сол кездегі Энер­­­гетика министрлігіне қарасты Экология­­­лық реттеу және бақылау комитеті төраға­­­сының орынбасары Зулфухар Жолдасов жаппай балықтың қырылуына Атырау Су Арнасы, Жайық-Атырау балық зауыты, Атырау бекіре балық зауыты және Атырау жылу электр орталығының қатысы барын мәлімдеген болатын. «Барлық компа­­­ния­лар бойынша тексерулер жүргізілді. «Аты­­рау Су Арнасы» компаниясында хло­ридтер­­­­дің шекті мөлшерден асып кеткені анықталды. Қаланы таза ауызсумен қам­­­та­масыз етіп отырған компания төгінді­­лерінде хлоридтердің мөлшері көп екені анықталды» деген еді шенеунік. Тәп­­тіштеп жазып отырғанымыздың себе­бі де жоқ емес. Осы оқиғадан кейін жап­пай балық өлімі Атырауда көбеймесе, азай­­ған жоқ. Керісінше, жыл сайын үдеп барады.

Эколог ғалым Нұргүл Имамұратова-ның пікірінше, балықтың қырылуы – эколо­гиялық катаклизм. «Көп жағдайда ресми зерттеулер балықтың жаппай өліміне су астында оттегінің жетіспеушілігі себеп болатынын көрсетіп отыр. Бұл жағдай Жайық өзенінің тартылуымен де тікелей байланысты. Түп тереңдету жұмыстарын сапалы жүзеге асыратын болсақ, балық­тар­­дың қайраңда қалу мәселесі азаяр еді. Оның үстіне, табиғат пайдаланушы кә­сіпорындардың жұмы-сына бақылау кү­шеюі керек. Себебі өзен суынан аммиак пен хлорид мөлшерінің шекті деңгейден көп анықталған жағдайлары да кездесуде. Сайып келгенде, балықтың қырылуы – табиғат алдындағы жауапкершілігіміздің жоқ екенін көрсе-теді», – дейді ғалым.

Қалай десек те, балықтың қыры­луы­ның жылына бірнеше рет қайта­лануы жақ­­­с­­ы­лықтың нышаны емес.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы