Ақмола облысында құрылыс саласында жүзден астам заңбұзушылық анықталды.
Ақмола облысында құрылыста жүзден астам заңбұзушылық анықталды
599
оқылды

Олардың қатарында аккредиттеу жөніндегі куәліктері мен лицензияларынан айырылған компаниялар да бар, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Ақмола облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, облыс аумағында заңды белден басып, тұрғын үй салуда өрескел түрде бұзылған 107 заңбұзушылық анықталған. Оларға жасалған кемшіліктерді түзетуге 105 нұсқау берілген. 

- Құрылыстарды және құрылыс-монтаждау жұмысын сапасыз салғаны әрі ұйымдастырғаны үшін 21 ұйым жауапкершілікке тартылды. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін 5 техникалық қадағалау ұйымы мен екі сарапшыны алты ай мерзімге атестаттауын тоқтатып, жауапқа тарттық. Құрылыс лицензиясынан «Град-Строй Сервис» ЖШС компаниясы айырылды. «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» компаниясы аккредиттеу куәлігінен айырылды, - дейді ведомстводан. 

Сондай-ақ Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық соты «Коттедж қалашығы құрылысы» нысанында заңсыз тұрғызылған құрылыстарды сүру туралы  Satti Town ЖШС-на қатысты шешім шығарды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы