Жетісу облысында тағдырдың қатал сынағына ұшырап, түрлі дәрежедегі мүгедектікке тап болған жандарға жасалып жатқан қамқорлық пен қолдау жайында бұрын да жазғанбыз.
Жүрекке жол ашқан жоба
601
оқылды

Енді, міне зағип жандардың таным көкжиегін кеңейтіп, рухани дамуына мүмкіндік беретін тағы бір жақсы жаңалық, жанды жоба жүзеге асты. Облыс­тағы «Қазақ зағиптар қоғамында» 544 адам тіркелген. Солардың 373-і Талдықорғанда орналасқан Сәкен  Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың  оқырманы. Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі осыдан біраз бұрын «Жанарым жүрегімде» жобасын қолға алған.

Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі «Қазақ за­­­­ғиптар қоғамының» ғима­­­ра­тында орналасқан. Зағип жан­дар­дың оқуға деген құш­тарлығы керемет» дейді кі­тап­­хана­шылар. Кітап­хана­ның бөлім меңгерушісі Гау­­­хар Тәуке­­баеваның ай­туынша, бөлімде 4 қызметкер жұмыс істейді. Олар асқан жауапкершілікті талап ететін өз міндеттерін барын­ша ыж­­даһатпен атқаруға ты­ры­­сады. «Мұн­дағы оқыр­ман­дар – ерек­­ше қажеттілігі бар жан­дар. Түйсіктің сезімтал­­­­дығы арқылы олар барлық іске икем­ділігін көрсете ала­ды. Көбіне зағип оқырмандар үйде отырып-ақ телефон ар­қылы тапсырыс береді, ол кі­­­­­таптар инватакси қызметі арқылы жөнелтіледі», – дейді мамандар. 

Мұнда орнатылған ска­нерлеп және дауыстап оқи­тын құрал «Сара СЕ» машин­касы, сөйлейтін ноутбук, Л.Брайль жүйесі бойынша оқи­тын және жазатын компью­­­­­­тер, грифель шрифті, Брайль алфавитін тізетін тақ­­­­­тайша, үлкейтіп оқитын лупа сияқты құрал-жаб­­­дықтар – ерекше оқырмандар үшін үлкен көмекші. Белгілі бол­ға­­­­­нындай, кітапхана 2016 жыл­­дан бері Мәскеу қала­сындағы «Логос» онлайн кі­тап­­ханасы арқылы АV-3715 тіркеуіне тұрыпты, соның ар­­қасында ондағы кітаптар­ды оқу мүмкіндіктері қарас­ты­рылған. 

Бөлімде тифлоқұрыл­­­ға­лардың көмегі арқылы зағип оқырмандарға арналған «Жа­­­нарым жүрегімде» жоба­­сы қолға алынғалы 5-ші жылға аяқ басыпты. Содан бері атал­ған жоба өзінің тиімді­­­лігін көрсетіп келеді. Жоба аясында зағип жандарды тиф­локомпьютер сауатты­лы­ғына, яғни жеке компью­­терді пайдалану негіздері мен ин­тернет желісін пайдалана бі­луге үйрету қолға алынған. Осы арқылы оқырмандар әр­түрлі бағыттағы кітаптар, жур­­­­­­­­налдар, аудиокассеталар тыңдайды және өз көкейінде жүрген тақырыптары жайлы жазуға мүмкіндік алады. 

– Жобаның негізінде за­­ғип жандарға арналған ар­­найы Jaws for windows бағдар­­­­ла­масының көмегімен ин­­­­­­­­­­тер­­­­­­нетті қолдану арқылы қа­жетті ақпаратты іздеуді, оны Ms word тексті өңдеу бағдарламасына көшіруді үй­ретіп жатырмыз. Яғни, оқыр­мандарымыз мәтінді компью­­­­­­­терде сканерлеп, ары қарай дыбысты бағдарла­малардың көмегімен оқуға машықтануда. Сол сияқты бөлім қызметкерлері Қазақ­станның Халық суретшісі Әбіл­хан Қастеевтың 120 жыл­дығына орай Жетісу об­лы­сының көркемөнер гале­рея­­сында «Бейнелеу өнерінің хас шебері» атты тақырыпта зағип жандарға арнап экскур­­­­сия сағатын ұйымдастырдық. Алдағы уақытта да оқырман­­­дарымызға пайдалы болатын тағы да басқа іс-шара­­лары­мыз бар, – дейді Гаухар Тәу­кебаева. 

Кітапхананың тұрақты оқыр­мандарының бірі – тал­­­дықорғандық Шырынгүл Сма­­ғұлова көру қабілетінің қиындығына мойымай, кі­­тап­ты үзбей оқуға тыры­­сады. «Адам қандай жағдайда да үздіксіз рухани өсіп-жетіліп отыруы керек. Ол үшін үнемі кітап оқуға тырысамын. Өзім Брайль қарпіндегі Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә», Се­йіт­­жан Омаровтың «Өмір ты­­нысы», Шерхан Мұрта­за­ның «Жұлдыз көпір», Софы Сматаевтың «Елім-ай» шы­ғар­­­маларын оқып шықтым. Кітапхананың бұл арнайы бө­лімі – біздің рухани шаңы­рағымыз, көкірегі­міздің шам­­шырағы  іспетті», – дейді ол. 

Жалпы, Жетісу облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азамат­тарға арналған бөлімінде 30 281 кітап қоры бар. Оның 6 500-ге жуығы нүктелі бе­дерлі кітап, 3 300-дейі дыбыс­тал­ған әдеби кассета, 1 098-і – элек­­тронды (аудиодиск) кітап.

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы