Жеті жылдан астам уақыт бойы «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы қазақстандықтарды қызықты өтетін лотереяларымен ғана емес, қуаныш сыйлайтын ұтыстарымен де қуантып келеді. Былтырдың өзінде компания 356 миллиард теңге болатын жалпы айналым қаражатының 303 миллиардтан астамын жеңімпаздарға төлеген екен.
«Сәтті жұлдыз»: сыйлыққа – шахмат, гимнастика, ЖОО гранттары
515
оқылды

Әйтсе де, «Сәтті жұлдыз» серіктестігі жүлде­герлерге ұтыс табыстаумен ғана шектелмейді. Себебі  «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заңында Табыс қоры мен Жүлде қоры сомасы арасындағы айырманың 10%-ы денешынық­тыруды дамыту мақсатында «Спорт қорына» аударылуы тиіс делінген. Бұл сома 2023 жылға шамамен 5 миллиард теңгені құрады. Ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқы» қоғамдық қорына аударылды, ол – бір жылда 4,8 миллиард теңге.

Сонымен қатар «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы қоғам үшін маңызды саналатын көптеген жобаны да қолдайды. Олардың арасынан әлемнің көрнекті ойыншылары мен гроссмейстерлері бас қосқан «Сәтті жұлдыз» халықаралық шахмат фестивалін атап өтуге болады. Беделді іс-шара аясында балалар турнирі және қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның шеберлік сабақтары да өткізілді. Мұндай шаралар шахмат спортының елімізде кеңінен таралуына ықпал етпек. Турнирдің жүлде қоры 120 миллион теңгені құраса, компания жобаға барлығы 239 миллион теңге жұмсады.

Балалар шахматын дамытып қана қоймай, ұлттық лотерея тоғызқұмалақ ойынын да насихаттауға үлес қосып келеді. Осы мақсатта «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы зияткерлік ойындарды дамытуға бағытталған «Интеллек­туалды сынып» әлеуметтік жобасын қолдап отыр. Жобаның мақсатты аудиториясы – ауыл балалары мен тұрғындары. Үстел ойындарын ойнау арқылы олар ой-өрісін кеңейтіп, уақы­тын қызық та пайдалы өткізеді. Бұл келешек таңдаған бағыттарында дамып кетуіне де септік етпек. Жобаны спортшы, күш-қайрат өнерінің әлем рекордшысы Сергей Цырульников жасап шығарған екен, ал «Сәтті жұлдыз» ұлттық лото­реясы «Интеллектуалды сыныпқа» 26 миллион теңгеге қаржылай қолдау көрсетті.

Рекордсмен Сергей Цырульниковпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан тағы бір маңызды әлеуметтік жоба «100 ауыл» деп ата­лады. Сергей ауылдық жерлерден келген бала­лар мен ересектерге шеберлік сабақтары мен жаттығу-жиындарын өткізсе, «Сәтті жұлдыз» мектептерге спорттық құрал-жабдықтар табыс­тайды. Бұл жиындарға әлем және ел чемпион­дары да шақыртылады. Сол себепті мұндай кездесулер балаларды бұқаралық спортқа тартуға көмегін тигізбек. Жобаны ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше атап өткен болатын. Өткен жылы ұлттық лотерея «100 ауыл­ға» 20 миллион теңгеге жуық қаржы жұм­сады.

Күш-қайрат жаттығулары әдеттегідей ұл­дарға арналған болса, қыздар да «Сәтті жұлдыз­дың» назарынан тыс қалған емес. Атап айтқан­да, «Сұлу – бақытты балалық шақ аймағы» жобасы аясында ауыл қыздары бекзада спорт түрі – эстетикалық гимнастикамен айналысып, дене икемділігін дамытып жүр. Осылайша, мыңға жуық кішкентай спортшылар гимнас­тика әлемінде өз жолдарын тапты. Спорт үйір­мелері ауылдарда тоқтап қалмауы үшін «Сұлу» жобасы еліміздің үш өңірінде 12 жаттықтырушы дайындап үлгерді. Сөздің ретінде айта кетсек, жобаға 108 миллион теңге жұмсалуда.

Компания спортқа ғана емес, білімге де үлкен көңіл бөледі. Ендеше, жоғары оқу орнын­да оқу ақысын төлей алмай, бірақ белгілі себептермен грантқа түсе алмай қалған дарынды қазақстандық жастар үшін «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы оқу ақысын төлеуге дайын. 2023 жылы компания республиканың өңірлік жоғары техникалық оқу орындарына, жалпы сомасы 40 миллион теңгені құрайтын 10 білім грантын бөлді. Оларды халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары, мүмкін­дігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемле­кеттік грантты алу үшін қажетті балл жинай алма­ғандар ала алады. 

Жалпы, компания ерікті аударымдар түрінде шамамен 1 миллиард теңге жұмсаған екен, бірақ мұнымен шектеліп қалмақ емес, өйткені алда әлі талай тың жобалар мен жаңа жетістіктер күтіп тұр.

Нұрлан ҚОСАЙ