Көкшетау қаласының құқық қорғау органдарына медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түсті.
Көкшетауда түнгі клубқа келген қыздар төбелескен (ВИДЕО)
747
оқылды

Көкшетауда түнгі клубқа келуші әйелдер арасында төбелес болды. Полиция қызметкерлері істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының құқық қорғау органдарына медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады. Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп, екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-біріне балағат сөз айтқан олар төбелеске дейін барды.

Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру  шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.