Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.
Қарағанды облысында кәсіпкерді қорқытқан полиция бөлімінің бастығы қызметінен қуылды
Фото: polisia.kz
1,652
оқылды

Қарағанды облысы прокурорының ұсынуы бойынша Приозерск қаласы полициясының бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– «Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлесуінің бейнежазбасын анықтады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.

– «Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды. Сонымен қатар аталған полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары бұзылған жағдайда дереу +7 778 099 91 11  нөмірі бойынша (Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз.