Бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста жол жабылды.
Боран, тұман салдарынан төрт облыста жол жабылды
1,026
оқылды

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында – 1 учаске

1. «Ақтөбе-Атырау – Астрахань»  255-330 шақырым, Қарауылкелді а. – Атырау облысының шекарасы – 75 шақырым. Бораннан жол көрінбейді. 

Жамбыл облысында – 1 учаске

1. «Алматы – Ташкент – Термез»  159-238 шақырым, Кенен а. – Қайнар а. – 79 шақырым.

Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсті.

Жетісу облысында – 1 учаске

1. «Үшарал – Достық»  84-184 шақырым, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 шақырым.

Тұманнан жол көрінбейді.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске

1. «Самара – Шымкент»  195-246 шақырым, РФ шек. – Орал қ. – 51 шақырым.

Ресей аумағында боран соғып тұр.