Майқайыңда қара жер опырылып, құтқарушылардың автобусы жер астына түсіп кеткен еді.
Майқайыңдағы апат: шұңқырдан табылған заттарды жоғары шығарып жатыр
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен алынды
2,297
оқылды

Экскаватор шұңқырдан  шамамен 850 текше метр көлемінде топырақты аршыды. 

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бұл екінші экскаватордың жұмыс істеуіне жол ашады. «Майқайыңалтын» АҚ аумағында  топырақтың құлау қаупі әлі де бар. Құтқарушылардың да өміріне төнетін қауіп сейілмеді. 

«20 қаңтарда қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, екі бульдозердің көмегімен  тік және көлденең сақтану шарасын қолдана отырып, машинистпен екінші шағын экскаватор іске қосылды. Оның көмегімен үлкен көлемді тастар мен тау жыныстары автобустың болжамды орнынан алынады, – дейді ТЖД өкілі. 

 

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жанармай, тамақ, маркшейдерлер, сол кеніштен табылған заттарды шұңқырдан шығарып жатыр. 

Сканерлеу арқылы шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлап кетуін бақылау тәулік бойы жүргізіледі. 

Іздеуге барлығы 147 адам, 45  техника, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылған.

Топырақтың аяқасты сырғу қаупі басым. 

Бұған дейін құтқарушының әкесі баласын тауып беруді талап еткен еді.