Жол апаты салдарынан үш адам көліктен шыға алмай қалған.
Құтқарушылар көлікте қысылып қалған адамдарды аман алып қалды
775
оқылды

Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары жеңіл автокөлікте қысылып қалған үш адамды шығарып алды. Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ-не сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бүгін таңертең Алматы облысында Ұлан және Жамбыл кенттері арасында екі көлік жол апатына ұшырады. Бір көлікте үш адам қысылып қалды. Бес адамнан тұратын РЖҚЖ құтқарушылары жедел түрде көмекке шықты. 

 

Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен үш зардап шегушіні көлік құрсауынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.