Жетісу облысында полицей «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Жетісуда ерлік көрсеткен полицей марапатталды
556
оқылды

Жетісу облысы Полиция департаменті Талдықорған қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Базарбаев өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.  Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ-не сілтеме жасап хабарлайды. 

Былтыр 2 қазанда қаланы патрульдеу кезінде дүкеннің өртеніп жатқанын байқап, терезе арқылы қарт адам мен жас қыз болған екінші қабаттағы пәтерге кірді.

Эвакуациялап болан соң Данияр үйден екі газ баллонын алып шықты. 

«ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Қол ұшын созу – нағыз құрметке лайық аса маңызды адами қасиет», – деп Жетісу облысы ТЖД бастығы атап өтті.