Ақын 43 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Белгілі айтыскер ақын дүниеден өтті
Фото: Instagram
2,250
оқылды

Белгілі айтыскер ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Суық хабарды Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі әлеуметтік желіде хабарлады.

"Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтің қайтыс болуына байланысты жақындары мен туғандарына қайғысына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыс шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Атасу орта мектебін бітірген, сол жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті филология факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы тәмамдаған.

Студенттік мүшайралардың жеңімпазы. 

Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Қ.Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Түрлі облыстық және республикалық жыр додаларының жеңімпазы.