Оқиға Қарағандыда болған.
«Миы шайқалып, мұрны сынған» – Ажар Ғиният таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі туралы айтты
861
оқылды

Жедел медициналық жәрдем жүргізушісін жұмыс кезінде бейтаныс адам соққыға жыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Facebook  парақшасында жазды.

Жедел жәрдем жүргізушісі Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімшесіне мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылды.

«Жедел жәрдем бригадасы түнгі сағат 23:30-да дене қызуы көтерілген және қызылшаға күдігі бар балаға шақыртуға барған. Баланы стационарға тасымалдау үшін үйдің ауласына жедел жәрдем көлігі тұраққа қойылды. Сол жерде бейтаныс адам жүргізушіні соққыға жыққан», – деді министр. 

Оқиға бойынша тергеу министрдің бақылауында болады. 

Бүгінде  денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соққыға жыққан адамның аты-жөні анықталды.