Бүгін ауа райы қандай болады?
Боран соғып, көктайғақ болады: 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: sputniknews.kz
4,003
оқылды

"Қазгидромет" 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын жауады.

Ал оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Сондай-ақ ел аумағында тұман және көктайғақ болып, боран соғады, жел күшейеді.