Екі оқушы өзара ерегісіп қалған.
Өскеменде жанжалдасқан оқушылардың бірі екіншісіне пышақ салған
Фото: polisia.kz
707
оқылды

Өскемен қаласындағы мектепте екі оқушының арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға бүгін қаладағы орта мектептердің бірінде болған. Екі оқушы өзара ерегісіп қалған. Сол кезде жасөспірімдердің бірі қалтасынан бәкі алып шығып, қарсыласына сұғып жіберді.

Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген. ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бақылау камераларының бейнежазбалары зерттеледі. Қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды»,  деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.