Өткен аптада дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Алматы қаласында болған зілзала қала тұрғындарының арасында жиі талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды.
Үрей билеген ұлт ұтылады
коллаж: Елдар ҚАБА
492
оқылды

Оған басты себеп – алматылықтардың бойына қорқыныш сезімінің сіңіп қалуы. Расында, кейінгі уақытта алматылықтардың күні мен түні ауысып, ұйқы режимі өзгерді. «Түнде біз ойламаған тұстан жер сілкінуі мүмкін, апатқа әркез дайын отыруымыз керек» деген тұрғындар алдағы күндері миллиондаған адам қоныстанған алып шаһарды бұдан да жойқын жер сілкінісі күтіп тұрған жоқ па деп алаңдайды. 5 балдық дүмпуден кейін қалада тағы бірнеше мәрте жер сілкінісі тіркелді. Мұны сезген тұрғындар құнды заттың барлығын жинап, сақадай сайланып отырғанын айтады.

Халықтың санасын торлап ал­­­ған қорқыныш ертең фобияға ай­налып кетпей ме? Қалада апатты жағдай болса алматылықтар қауіп­­­сіздіктен бөлек, психоло­­гиялық тұрғыда дайын ба? Тәжірибелі психолог Серікгүл Сәли адам қа­­уіпті жағдайға тап болған кезде күй­зеліс бірден басталмайтынын айтады. Оған сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін.

Сана өшкен кезде адамның есінде ештеңе қалмайды

– Ең біріншіден, адам өмір мен өлімнің арасында қалған кез­де оның психологиясы қалай жұмыс істей­­­тінін түсініп алуға тиіс­­­піз. Күй­­­­­зеліс бірден бастала қоймайды. Бірнеше секунд өткен соң шыға бастайды. Шамамен 30 секундтан кейін үрей одан са­йын үдейе түсе­­ді. Мұның салда­­рынан «үлкен апат болуы ықти­мал», «жер сіл­­кінісінен кейін үйін­­­­ді астында қалып, қазаға ұшы­рауым мүмкін» деген іштегі қорқыныш дами береді. Жағдайды көз алдына елестетеді. «Бұл дүмпу тоқтамайды, керісінше жоғары балдық жер сілкінісі болатын се­­кілді» деген үрей ойға келген кез­де байбалам 1-2 се­кундтың ішінде басталмайды. Өйт­­­кені адам мұн­дай дүниеге бірден реак­ция бер­­­мейді. Сол уақыт ара­лығында ақ­па­­­­ратты сараптап, «бұл рас па, өтірік пе?» деген сауал­ға іштей жа­­­­уап іздеп, саналы түрде ой еле­­­гінен өткізіп жатады. Яғни, апат­­тың қауіпті немесе қауіпсіз еке­нін ойлап уақыт жоғалтады. «Сыртты қа­­­рап көре­­йікші, көрші­лер не іс­­теп жатыр, ал БАҚ не деп хабар­лау­­да» деген ой келіп, бірінші орын­да сырт­­­­ты бақылайды. Ми­нут­қа да жет­­­­пейтін уақыттың ара­сында адам са­насы осындай қо­сымша дерек­­­терді іздейді, – дейді ол. 

Психологтің сөзінше, апатты жағдайда адамдар төрт түрлі фун­­кцияны атқарады. Олар арнайы психотиптен туындайды. Мәсе­­­лен, 38 пайызы – бұлшық еттің адамда­­­ры. Бұл санатқа кірушілер кез келген жағдайда өз басын аман алып қалуға тырысады. Ал 24 па­йызы – мүлікті құтқа­­­­рушылар. Олар жер асты дүмпуі кезінде үйі­­нен маңызды құжат­­­тары мен құнды заттарын, тіпті сөмкесіне тамақ пен төсеніштерін қоса са­лып шығуы мүмкін. Сондай-ақ 20 па­­­йызы қариялар мен ауру-сырқау балалар­­­ды, әйелдерді құт­қарады. 5 пайызы халықты ты­ныш­­тандыру мақ­­­са­­­­тында білек сыбана жұмыс іс­­­тейді. «Барлығын құтқаруым ке­рек» де­­­ген оймен батыл іс-әре­­­кеттерге барады. Олар­дың стан­­дартты емес ойлау қабілеті халық қиын сәтке тап бол­ғанда қосымша көмекті ойлап табады. Өкінішке қарай, көп жағ­дайда өздері апатқа ұшырайды, бі­­рақ қаншама адам­­­­ның өмірін өлімнен арашалап қалады. Соңғы 5 пайызы – эмо­­­­цияның адамдары.

– Күйзеліс жоғары деңгейге кө­­­­терілген кезде адам санасы өше­ді. Бұл кезде адам бейсаналы түрде ж­ұ­­мыс істейді: ұжымдық түрде аман қалу­­дың қамын ойлап қашу керек немесе апатпен күресуің ке­рек. Бұл психо­­логия стресс жағда­йында са­­налы түрде іске қосыл­майды. Кері­­­сінше, адамның бей­­­­­­­с­а­­­­налы табиғи функ­­­циясы негізгі рөлге ие болады. Егер қан­­дай да бір үлкен апаттан адам­дар аман қалса, олар үлкен ст­ресс жағ­­дайында болса, сіз сол кісі­­­ден жағ­дайдың қалай бол­­­­ғаны жай­лы сұ­­­рап көрдіңіз делік. Ол сұра­­­­­­ғы­­­­­­­­­ңыз­­дың біріне де нақты жа­уап бере алмайды. Себебі есінде еш­­нәрсе болмайды. Сана өшкен кезде есте ештеңе қалмайды. Апат кезінде біздің тірі қалу жолында жануар­­­­лық инстинк­­­тіміз іске қо­сылады, – дейді маман.

95 пайыз адамда фобия болмайды

Бір қызығы, жер сілкінісі бол­ған түні Алматы қаласындағы сту­­­­денттер жатақханасының бі­­­­рінде музыкалық аспапта ойнап, оны­мен қоса аязды күнде сыртта тоңып жүр­­­­­­­­­­­ген студенттер мен мұ­­ғалім­­­дер­­­­ге ыстық шай тасыған аза­­­­маттар кездесті. Бұл онсыз да үрей­­ден жү­­­ре­­­­гі аузына тығылған тұр­­­­ғын­­­­дар­­­­­дың қорқынышын ба­сып, көңіл-күйін көтеруге аз да болса сеп болды. 

– Сезімге беріліп, байбалам шы­­­­­­­ға­­­ратындар – эмоцияның адам­дары. Айғайлап шыңғырған, жыла­­­ған дауысымен байбаламын өзге­­­­лерге таратып жібереді. Эмо­ция­­­ның адамдары өз кезегінде та­ғы да екіге бөлінеді. Эмоциясы да­­­­­­мығаны ма­хаббат сезіміне ұла­сып кеткен, ал дамымағаны қор­қы­­нышта қалып қойған деп қарас­тырамыз. Қорқы­­­­­нышқа бой ал­­­­­­­дыр­­ған адамдар көпке байбалам шаш­­са, ал эмоциясы дамыған жан­дар қандай жағдай болмасын үрейді қабылдап, оқиға­­­дан кейін ән айтады, би билейді немесе музы­­­калық аспапта ойнайды. Сол арқылы өзгелерге тыныштық сезі­мін сыйлайды. Осындай табиғи функциялардың арқасында адам­дар жоғарыда айтылған қадамдарға барады, – дейді психолог.

Қорқыныш – қалыпты жағдай. Себебі мұндай сәтте адамдар өлім­мен бетпе-бет келеді. Осы тұс­та пси­­­холог өзге әріптестерінің апат­­­ты кезеңде сандарды санау керек деген кеңесін жоққа шығарды. Оны­­мен қоса, жер сілкінісінен қор­қыныш көптің көңілінде фо­бия болып қалыптасып кетуі де екі­талай екенін ескертті.

– Жер сілкінісінен кейін қор­­қы­ныш көбінің бойында фобия ретінде қалып кетеді деп айту қиын. Тек апат кезінде эмоцияға берілетін адамдар үшін фобияға ай­налуы мүмкін. Қалған 95 пайыз адамның барлығында бірдей фо­­бия болып қалыптасып кет­пейді. Де­­­­генмен табиғи апаттар өмірлік құндылықтарымызға бастан аяқ қай­та қарауға мүмкіндік береді. Адам психикасын қайта қалпына келтіреді. Кез келген күйзелістік жағ­дай көзқарастардың өзгеруіне алып келеді. Бұл бірнеше күнге емес, біразға дейін созылады. Біз қаншалықты өзімізге қажетті өмір­­ді сүріп жүрміз? Егер өлеті­нім­­ді ал­дын ала білсем, қандай дү­ние­ге назар аударар едім? Жағ­дайға осы қырынан қарайтын болсақ, мен мына техниканы ұсы­нар едім. Барлығы біледі, бірақ ешкім орын­дамайды. Бұл – кең тараған тех­­ника. Басыңыздан қа­уіпті жағ­­­­­дайды өткерсеңіз, бірден отырып: «Егер мен бір айда өлетін болсам не нәрсе жасар едім?» деген сауалға жауап беріп, осыған сәйкес пунк­­­­­­ттерді жазы­ңыз. Со­­ны­­­­­­­­­­мен қатар қандай дү­ние­ге назар аудармас едіңіз? Бұл сіздің жеке шекараңыз­­­ды белгі­леуге әсер ету­­­ші еді, – деп сөзін түйіндеді пси­холог С. Сәли.

Қорқынышты тудырған жалған ақпараттар

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыдағы жер сілкінісінің нә­­­ти­­­­жесінде 70-ке жуық адам зардап шегіп, медициналық көмекке жү­­­гінген. Үш адам тұрғын үйдің екін­ші және үшінші қабаты­­нан секіріп жарақат алды. Ақпа­­ратты сараптай келе зардап шеккендердің жер сіл­­кінісінен емес, үрейдің ар­­қасында жарақат алғаны белгілі болды. Оқи­­­ғаның болғанына екі аптаға жуық өтті. Осы уақыт ара­лығында қала тұрғындарының өмі­рінде қандай өзгерістер бар? Сауал­­да­рымызға жауап алу мақ­­­сатында қала тұр­­­­ғындарын әңгі­меге тарт­қан едік. 

Дильназ Шаймұратова – Ал­­маты қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алады. Ол әлі күнге дейін қорқыныштың сейілмегенін, зілді сілкіністің әсе­­­­­рі бойда қалып қойғанын айтады. Кейіпкеріміздің пікірінше, егер жағдайға психологиялық тұрғыда дайын болмасақ, қорқыныш кейін фобияға айналып кетуі ықтимал.

– Жердің күндіз емес, түнде сіл­­­кінуі қорқыныш сезімін тудыр­ды. Мектеп, университет қабырға­сында бізді психологиялық тұрғы­да дайындамады. Мұның салдары байбаламға алып келді. 2-3 күн бо­йы ұйықтап жатқан жерден шо­шып оянғаным, жатақханада бәрі­нің жүгіріп далаға шығуы, суық күнде тоңып әрі қорқып тұр­ған кө­­рініс­­­­­тер миымнан кетпейді. Шы­­­ны ке­­­­­рек, түнде ұйықтауға қор­­­­­­­­қып қал­­­­­дым. Үлкен стресс алғандай күй кештім. Жер сілкінісі кезінде меди­­­­­циналық, психо­­­логиялық көмекке жүгін­­­­бедім. Бірақ жаным­­­­­дағы адам­­­­­­­­­дарға кө­мек­тесе алдым деп ой­­­­­лаймын. Қа­зір қорқыныш басыл­­­­­­ғанымен, әлі бар. Сол жағ­­­­­дай, сәт есімнен кет­­­пейді... Менің ойымша, қорқы­­­ны­ш­­­тың фобияға айналуы әбден мүм­кін. Сондықтан табиғи апат­тардың бар екенін, олардың кез келген сәтте болаты­­­­­нын жадыда сақтау керек деген қорытындыға келдім, – дейді қуат­­­­ты жер сілкі­нісін өмірінде алғаш рет сезінгенін айтқан Дильназ.

Ал Мерей Бақытжанқызы жер сілкінісінен кейін қорқыныш фо­­бия­ға айналады деген пікірмен ке­ліспейді. Табиғи апат болған соң әрі Алматы қаласы тектоникалық аймақта орналасқандықтан, мұны қалыпты жағдай деп есептейді. Дегенмен сілкініс ошағы Қытай мен Қырғызстан аумағынан шы­­ғып жатқандықтан, бізге де жете ме екен деген үреймен апатқа ал­дын ала дайын отыратынын ай­­тады.

–Бастапқыда жер сілкінісі ая­қастынан болған соң сасып қал­­ғанымыз рас, алайда медициналық не психологиялық көмекке жүгін­­­бедік. Жатақханада тұрған соң шошынып, аяқ-қолы тартылып қалған студенттерді, «жерасты дүм­­­пуі тоқтаса да қозғалып жат­қан­­дай сезіледі» деген студенттерді көрге­ндіктен болар, бойымызда әлі де қорқыныш бар. Жер сілкінісі туралы ақпарат сайттарда анық көрініп тұр. Зілзаладан туған қор­­қыныш кейін фобияға айналып кетеді деп ойла­маймын. Меніңше, қорқынышты тудырып отырған әлеуметтік желідегі жалған ақпа­­раттар. Қазірдің өзінде ғалымдар арасында форум өтті, Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін, қала аман қалмайды деген ақпа­рат­­­тар желдей есіп жүр, – дейді фейк ақпарат таратушылардың әрекетіне ашынған Мерей.

Алматы қаласының тұрғыны Еңлік Жұмаш зілзала кезінде нақ­ты кесіліп айтылмаған шешімдер одан сайын қорқынышты үдете­тінін, кейінгі күндері тағы да жер сілкінісі болмай ма деген күдікпен ғалам­­­­­торды ақтарып, жиі ақпарат іздей­тінін жеткізді. 

– Әрине, қорқыныш фобияға айналып кетеді деп ойлаймын. Өйт­кені өзім де жер сілкінгеннен кейін 2-3 күн бойы түн ортасында аяқ ас­тынан селк етіп оянған кез­дерім болды. Бес саусақ бірдей емес қой. Психологиялық тұрғыда өзіне қатты қабылдайтын адам­дарда үрей фо­бияға айналып, бі­разға дейін психикалық ауру се­кілді жалғасады деп ойлаймын. Алма­­­­­ты­­­дағы жер сілкінісі кезінде біз қан­­­­дай әрекетке барарымызды білме­­­­дік. Бәрі аяқас­ты болған­дықтан, бойда аздап қорқыныш бар. Ең бір күдік туды­ратыны, сейс­­­­­­­мология­­­­лық апаттар туралы болжамдар немесе шешім­­дердің алдын ала хабар­ланбауы. Алма­тының сейс­микалық аймақ екенін бәрі біледі. Бірақ қауіпті аймақ ретінде үрейді алдын алатын жағ­дайлар жасал­­мағаны өкінішті. Мы­салы, 112-ден хабар­лама келсе, сондай-ақ «Зіл­­­зала ке­зінде не істеу керек?» деген ақпарат халыққа жиі беріліп отырса құба-құп болар еді, – дейді Еңлік.

Естеріңізде болса, Сейсмо­ло­гиялық бақылау және зерттеу ұлт­тық ғылыми орталығының дирек­торы, сейсмолог Дәулет Сәр­­­­­­сен­­­­­­баев жойқын жер сілкі­нісінің болмайтынына 100 пайыз кепілдік беретінін, қалада 5 балды сілкініс­­тен жоғары дүмпу бол­­­майтынын хабарлаған еді. Бірақ соған қара­­­­мастан «қауіпсіздігімізге ешкім кепілдік бере алмайды екен» деген тұрғындардың ойы қа­­­­зір сан саққа бөлінген...

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы