Іздеу жұмыстары тоқтатылуы мүмкін.
Майқайыңдағы құтқарушылардың өміріне қауіп төніп тұр
749
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылу орнында топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялау жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствоның дерегінше, қазір аумақтағы опырылу орнының барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болған. Бұл өте қауіпті.

Магнитометрмен және геосканермен топырақты зерттеу кезінде «GRP-Ridder-Group» ЖШС мамандары объектінің орналасқан жерінде құлау ықтималдығы жоғары деген қорытынды берді.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын тұтастай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқығы бар кеніштің басшылығы басқарады. Ол бірінші кезектегі тәртіппен төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды.