«Қазавтожолдың» мәліметінше, бірнеше өңірде бораннан жол көрінбейді.
Боран соғып, 6 облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
6,094
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. 

Ақмола облысында – 2 учаске

1. «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек. – 61 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).

2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51 км, Қабанбай батыр к.-Қарағанды обл. шек. – 16 км (Қарағанды облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Жамбыл облысында  – 1 учаске

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км (I категория), Кенен а. – Қайнар а. – 79 км (тұман, шектеулі көрініс, жел).

Жетісу облысында – 1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қарағанды облысында – 2 учаске

1. «Екатеринбург-Алматы» 1353-1373 км, Ақмола обл. шек. – Осакаровка к. – 20 км.

2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266 км, Ақмола обл. шек. – Теміртау қ. – 215 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды қыста күтіп-ұстауға 542 бірлік техника және 863 жұмысшы жұмылдырылды.