Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен елордада рейд өтті.
Базар, жатақхана, қонақүйден іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды
Фото: news.myseldon.com
3,386
оқылды

Рейд барысында іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткен рейдті қалалық Полиция департаменті өткізді. 

Іс-шара барысында (базар, жатақхана, қонақүй, жалдамалы пәтерлер және басқа жерлер) іздеуде жүрген 14 қылмыскер анықталып ұсталды. Оның ішінде өткен жылдарғы – 7, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалған 2-уі табылды.