Қазақстанда тұмауға қарсы асқынулардың даму қаупі жоғары 2 400 000 адам егілді.
Тұмауға 2 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе алған
Фото: ДСМ-нен алынды
185
оқылды

Өткен жылы халықтың сырқаттану профилактикасы мақсатында тұмауға қарсы қауіп тобындағы 2 млн 400 мың адам егілді. Бұл – ДДҰ ұсынған кемінде 10% кезінде халықтың 12%. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қараша айынан бастап тұмау вирусының айналымы анықталды. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері зертханалық расталған тұмаудың 935 дерегі, оның 85% - А тұмауы (H3N2) және 15% - В тұмауы тіркелді.

Алдыңғы маусымдағыдай тұмаусыз вирустардың айналымы анықталды, олардың 41%-ы риновирусқа, 21%-ы РС вирусына және 14%-ы аденовирусқа тиесілі.

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері стационарларда 31 мыңнан астам науқас емделді. 2 млн астам пациент амбулаториялық емделді. Еліміз бойынша барлығы 10 мыңға жуық инфекциялық аурулар төсегі, олардың ішінде балаларға арналған 3 мыңға жуық төсек орын ашылды.

Қазіргі уақытта жіті респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың кезекті эпидемиялық маусымы жалғасуда, ол жыл сайын қазан айынан басталып, мамыр айына дейін созылады. Эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ және тұмау ауруларының екі толқыны: аурудың бірінші көтерілуі қазан-қараша, екіншісі – ақпан-наурыз айларында тіркеледі.

Эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 2,4 млн дерегі тіркелді. Бұл өткен эпидемиологиялық маусымның сырқаттану көрсеткішімен шамалас.