Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың мәліметінше, ұсыныс мәслихатқа жолданған.
Щучинск қаласының атауы Абылай хан болып өзгеруі мүмкін
845
оқылды

Әкім БАҚ өкілдерімен кездесуде Щучинск қаласының атын Абылай хан деп өзгерту туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Instagram-дағы sinegor.kz парақшасының жазғандай, әкім аталған жайтты зерттеп, бұл бүкіл халықтың ба, әлде бір адамның пікірі ме, соны біліп алу керегін жеткізді.

Әкімнің өзі әзірше қала атауын өзгерту керек деп есептемейді.

"Бұл мәселе жан-жақты талқыланып, қоғамдық тыңдаулардан өтуі керек, одан кейін бір адамның емес, көпшіліктің пікірі болуы керек. Бұл бастама мәслихатқа жолданды. Содан кейін шешім қабылданады. Негізі күн тәртібінде елді мекендер атауын өзгертуге қатысты мәселе көтерілген жоқ", – деген Марат Ахметжанов.