12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
12 облыста 66 жол учаскесі жабылды
Фото: qaj.kz
875
оқылды

7 ақпан күні сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысында – 12 учаске;

Ақтөбе облысында – 13 учаске;

Атырау облысында – 2 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске;

Қарағанды облысында – 11 учаске;

Қостанай облысында – 8 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында – 3 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске;

Ұлытау облысында – 3 учаске.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты осы сілтеме арқылы білуге болады.