Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ел тұрғындарын сабырға шақырып, үрей мен қауесетке сенбеуге үндеді.
8 ақпанда еліміздің барлық қаласында дабыл қағылады
Фото: vk.com
3,360
оқылды

Ертең Қазақстанның барлық қаласында оқу-жаттығулар өткізілуіне байланысты дабыл қағылады. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ел тұрғындарын сабырға шақырып, үрей мен қауесетке сенбеуге үндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, ақпанның 8-і мен 9-ы елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Ақтөбеде орналасады.

"Дабыл бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпанда сағат 12.55-те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.