Әкімдік өкілдері тек ресми деректерге сенуді сұрады.
Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл көшпелі кеңес өткізді
1,685
оқылды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап,  шұғыл көшпелі кеңес өткізді.

«Басты басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша, үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

«Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды»,  делінген хабарламада.

Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.

«Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуге шақырамыз»,  деп ескертті әкімдік өкілдері.