Ақтөбе облысында қалың қар жауып, боран соғып тұрған аудандарында төтенше жағдай жарияланды.
Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: "Қазавтожол"
1,303
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Хромтау және Әйтеке би ауданында ахуал күрделі. Бұл туралы  Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрқасын жел мен толассыз жауған қар салдарынан облыс аумағынан өтетін күре жолдардың 11 учаскесінде автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жол бойында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға «ҚазАвтоЖол» тарапынан ыстық тамақ берілді. 

Бүгін 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды.