9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Еліміздің 9 облысында 23 жол учаскесінде шектеу енгізілді
Фото: qaj.kz
1,134
оқылды

9 ақпан сағат 18.00-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында – 3 учаске
Ақмола облысында – 1 учаске
Ақтөбе облысында – 4 учаске
Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске
Қарағанды облысында – 1 учаске
Қостанай облысында – 3 учаске
Қызылорда облысында – 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
 Ұлытау облысында  – 1 учаске

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 816 бірлік техника  және 1605 жолшы жұмылдырылды.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар https://kz.qaj.kz/s/.