Продюсер бала кезінен қыз туралы армандағанын жеткізді.
"Туған қызым болса деп армандаушы едім": Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарды
Фото: YouTube
5,607
оқылды

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Желідегі парақшасында туған қызы болғанын армандағанын айтты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Продюсер бала кезінен қыз туралы армандағанын жеткізді.

"Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң туған қызым болса деп жұрттарға қызығып, көп армандаушы едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса деп тілейтінім тағы бар. Аллаға шүкір келіндерім жаман емес, сол арманымды Алла қабыл етсін!" – деп жазған продюсер.

Сонымен қатар, бүгін 12 ақпан продюсердің кенже келінінің туған күні. 

"Бүгін @indi_maulenova келініміздің, біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!", – деп жазды ол.