Күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі.
38 градус аяз, көктайғақ, бұрқасын: 15-17 ақпанда жүргізушілерге ескерту жасалды
фото: el.kz
4,351
оқылды

15-17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі, – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ.

Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі уақыттарда ауа температурасы 12 градустан 38 градусқа дейін төмендейді. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.

«Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат «Sapar» мобильді қосымшасында қолжетімді, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді», – делінген хабарламада.