Полиция күдіктіні ұстады.
Алаяқ Алматы тұрғынының 83 миллион теңгесін алдап алған
1,557
оқылды

Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты сома берген.

"Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес еді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды", – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.