Аяз күшейіп, боран үдеді.
Бүгін төрт облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,515
оқылды

Бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап хабарлайды. 

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» – Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс) 

1. «Үшарал-Достық» – Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл. шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс) 

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті-Қостанай обл. шек (барлық көлік үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 694 бірлік техника және 1536 жұмысшы жұмылдырылды.