Қос алыптың мерейтойы қалай өтеді?
Қос алыптың мерейтойы қалай өтеді?
259
оқылды
Алматыдағы ғылым ордасында қазақ зиялылары бас қосты. Ғылым академиясының бір жылғы жұмысына қо­ры­тынды жасалып, ұлтымыздың рухани көшбасшы­сы­на айналған ұлы Абайдың 175 жылдығы мен әлемнің екін­ші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жыл­дығын атап өту жайында кеңес болды. Абай Құнанбайұлының шы­ғар­ма­­шылығындағы адамзат­тық құндылықтар жайында М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­ти­т­утының директоры Кенжехан Матыжанов баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ма­­қаласында «Мемлекет кө­­ле­­мінде және халықаралық дең­­­гейде ау­қымды іс-шаралар ұйым­дас­ты­ру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, ру­ха­­ни тұрғыдан дамуымыз үшін өт­кі­зіл­мек» деген сөзін айта келіп, Абай шығармашылығымен бай­ла­­нысты «Ұлттық болмыстың үлгі­сіне» тоқталды. Сондай-ақ ке­­­меңгер ойшылдың «Мемлекет ісі­­нің мүдделісі», «Жаңа қоғам­ның жанашыры», «Әлемдік мә­де­­ниеттің тұлғасы» ретіндегі қыр­ла­ры ашылды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ди­ректоры Зиябек Қабылдинов «әл-Фараби мұрасы және Ұлы дала құн­дылықтары» баянда­ма­сында ғұ­­лама ғалымның әлемдік бей­не­­сі, ізгілікті ой-пікірлері мен бү­гінгі таңдағы рөлі жайлы айтты. З.Қа­былдинов әл-Фараби туралы же­ңіл тілмен жазылған, жоғары сы­нып оқушыларына арналған кітап керек екенін тілге тиек етті. «Қазіргі заман тарихы» оқу­лы­­ғына әл-Фараби мұрасына ба­ғытталған арнайы параграф ен­гізілсе; шет мемлекеттерден елі­­мізге келіп оқитын студент­тер­­ге арналған қазақ халқы тари­хы­ның толыққанды нұсқасы, «Қа­­зақстанның тарихы: ежелден бү­гінге дейін» деген оқулық ке­рек; Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлт­тық университеті ұлы ғұла­ма­­ны жете зерттеу бағытында көп­­­теген жұмыс істеп жатыр. Әл-Фа­­раби орталығы ашылды. Орта­­лық­ты келешекте үлкен инс­ти­тут­қа айналдырып, елі­міз­дің бүкіл аймағында осындай орталық жұмыс істесе; әл-Фарабиді қазақ халқына қайта­рып, ұлы ғұламаның жатқан жерін Сириядан ең бірін­ші болып анықтаған Ақжан Ма­ша­­ниге де лайықты құрмет көр­се­тілсе; әлем мойындаған ұлы ға­лым­ның мерейтойы жылында Ғылым академиясының алдында әл-Фарабиге арнап ескерткіш орнатсақ деген ұсыныстарын айтты. Ұлттық ғылым ака­­­демиясы­ның академигі, та­рих ғы­лымда­ры­­ның докторы, про­фес­сор Хангелді Әбжан: «Әл-Фарабиді түп­нұсқадан аудара алмаймыз. Біз­де ондай маман жоқ. Сонда біз­дің бітіріп жатқанымыз не? Біздікі тек мақтау, мадақтау, ала­­қайлау. Осыларды доғарып, нақ­ты мәселені шешу керек. Әл-Фа­­рабидің түпнұсқасын оқып, қа­зақ­шаға аударатын мамандарды дайын­дауға тиіспіз. Жақында әл-Фарабидің 15 томдығы жария­лан­ды, оның бәрі кешегінің кө­­шірмесі. Бізде қазіргі таңда фа­ра­битанушы маман қалмады. Абай­танушылардың қатары си­реп кетті. Осы олқылықтың ор­нын тол­тыру керек. Мерекелік да­та­­­ларды пайдаланып, бір мыс­қал болса да үлес қосуға тиіс­піз. Әл-Фараби еңбектерінің үш­тен екісі ғана аударылған болар. Әб­саттар Дербісәлі қажы Ис­па­­­нияға барғанда бұған дейін бел­гісіз болған бірнеше еңбегін алып келді. Сол еңбектер әлі не жарияланған жоқ, не ұлықталған жоқ», – дейді. Филология ғылымдарының док­торы, профессор Шерубай Құр­манбайұлы «Ұлы ойшыл­дары­мыздың еңбектерінің электрон­ды нұсқасы қажет. Қағаз­ға басы­латын дүниені кітапханаға барып ізденетін ұрпақ азайып бара жатқан заманда осы жағына көп мән берсек. Олардың мұ­ра­­сын интернет желісі арқы­лы тауып, таныса алатын элек­трон­­ды кітапхана жасауға тиіспіз. Ғылым академиясы, ғылыми-зерт­теу институттары мен орта­лық­тарының, универ­си­тет­тер­дің сайттарында немесе жеке сайт ашып, жұмыс істеу керек. Студенттер, мектеп оқушылары өз жасына лайық іздеген ақпаратты қиналмай таба алатын, қолжетімді болуы тиіс», – деді. Қазақ зиялыларының сөзіне қарасақ, ұлы ғұламаларымыздың мерейтойын аста-төк той тойлау­дан гөрі ойлы, пайдалы іске қарай бағыттау жағына көбірек мән берілді. Бұл бүгінгі күннің талабы және етек-жеңімізді жинайтын кез келгенінің айғағы.   Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ