Қазіргі уақытта оқушы қыз орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр.
Абай облысында жоғалып кеткен қыз табылды
684
оқылды

Жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы аман-есен табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, құзырлы органға хабар түскен бойда, полицейлер мен қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар жұмылып, бүкіл қала бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді.

"Олар қараусыз қалған ғимараттар мен ойын-сауық орындарын аралады. Іздеу шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқушы қыз орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтің қарауынан кейін-ата-анасына тапсырылады.