Сонымен қатар дін жанашырлары умра қажылығына жолдама берді.
Созақ жастары ауыл имамына көлік мінгізді
Созақ ауылдық әкімдігі
1,045
оқылды

Игі іске ауыл жастары ұйытқы болған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында ауыл әкімі, аудандық мәслихат депутаттары қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына алғыс айтты.

Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында еңбек етіп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал өткен жылы жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып тағайындалды. 

Айта кетейік,  KAZINFORM жазғандай, созақтық жастар бұған дейін ортадан ақша жинап, ауыл көшелеріне жарықтандыру бағаналарын орнатқан болатын.

Сондай-ақ мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.