Бұл дерек бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі соталды тергеуді бастады.
Алматыда әйел 12-қабаттан құлап мерт болды
Фото: orda.kz
720
оқылды

Алматыда әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, оқиға "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Сонымен қатар, оқиға куәгерлерінің сөзінше, ол 22 жаста.

Бұл оқиғаға қатысты Полиция департаменті өкілі пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі соталды тергеуді бастады. Мән-жайы анықталады", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.