Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғындары ұсталды
698
оқылды

6 наурыз күні ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Тергеу материалдарының қорытындысы бойынша, бұдан бұрын ұсталған айыпталушының біреуі шет елде жүріп радикалды діни идеологияны қабылдағаны анықталды. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.