Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастрольдық сапарға шыққан еді.
"Қан қысымы көтеріліп кетті": "Музарт" тобының концертінде оқыс жағдай болды
Фото: https://www.instagram.com/kenzhebekmuzart/
37,099
оқылды

Танымал “Музарт” ансамблінің концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастрольдық сапарға шыққан еді. Оқиға Қарағанды қаласында болды. 

“Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүйемелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда “шүкір” дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. “Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт” деп халық сұрайтын”, – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев. 


Желі қолданушылары мен концертте болған көрермен қауым жаппай тілек жаудырып жатыр. 

“Музарттың серілеріне саулық тілейміз!”, “Ақтөбеге келгенде осы жігіттің келіншегі босанып еді. Қуанышты жаңалығын сахнада тұрып естіді”, “Қарағандылықтарды бір қуанттыңыздар”, “Концертте болдық, ауырып орнынан тұрып кетті”, “Кеш керемет өтті, әндеріңізді халықпен бірге шырқадыңыздар” деп жазып жатыр тыңдарман қауым.