АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті.
Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші рет  жеңіске жетті
Sports.kz
1,767
оқылды

Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды  30:27.  

Бұл  30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. 

32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген. 

Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.

Асу мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын.