Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Абай облысының құтқарушылары автожолдан 4 адамды құтқарды
294
оқылды

Бүгін таңғы сағат 6.00 шамасында 112 пультіне "Алматы-Өскемен" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылғаны және адамдарды эвакуациялау талап етілетіні туралы хабарлама келіп түсті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ақаулы жеңіл автокөліктен 4 адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді.

Медициналық көмек қажет болмады.