Алматыда болған жер сілкінісі жұртты дүрліктірді. Өнер жұлдыздары көпқабатты үйлерін тастап, жер үйге көшіп жатыр,
"Қорқамын": Нұрболат Қанай жер сілкінісінен кейін басқа қалаға қоныс аудармақ
4,435
оқылды

Танымал әнші Нұрболат Қанай да өнер ордасынан қоныс аудармақ, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Наурыз айының басында Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді. 

“6 наурызда таңда тағы жер сілкінісі болыпты ғой. Мен алыс жолдан келіп, шаршап дым сезбей ұйықтап қалыппын. Қазір алматылықтардың көбі жер сілкінісінен қорқып, сақтанып,  басқа қалаға көшіп кетіп жатыр ғой. Маған да 2-3 ай басқа қалада тұра тұрсам деген ой келіп тұр. Қазір таңдауымда 4 қала бар, олар Атырау, Шымкент, Астана және Ақтөбе. Басымдық Шымкент пен Атырауда. Атырау менің туған жерім, ол жақта емін-еркін өз жұртымда күшті болып жүремін, бірақ жайлы зонаға кіріп кететін секілдімін. Ал Шымкентке барсам, әйтеуір тәуекелге барамын, оның үстіне ол жақта бәрі арзан. Көреміз", – деп айтты өнер иесі.  

Айта кетейік, жер сілкінісінен кейін көпқабатты үйдің бағасы түсіп, жер үйлер қымбаттаған еді. Өнер иесінің әріптестері бірі жер үйге көшіп жатса, енді бірі Алматыдан басқа қалаға қоныс аудармақ. Ерке Есмахан жуырда виллаға көшсе, Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан пәтер сатып алғанын сүйіншілеген еді.