2 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Екі облыста жолдар жабылды
Фото: elements.envanto
1,097
оқылды

Cағат 18:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтожолға» сілтеме жасап. 

Ақмола облысында жалпы ұзындығы 61 км 1 автожолда автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді:

«Екатеринбург-Алматы» тасжолы – Жібек жолы ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін. 

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 293 км 2 автожол автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді:
1. «Екатеринбург-Алматы» – ПВП Теміртау-Ақсу-Аюлы ауылы.
2. «Қызылорда-Павлодар» – Қарағанды қ. – Молодёжный ауылы.
3. «Екатеринбург-Алматы» – Ақмола обл. шек. – ПВП Теміртау.


Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 763 бірлік техника және 1765 адам жұмылдырылды.