Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды.
Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды
Фото: Freepik
607
оқылды

Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сағат 12.14-те қыз ес-түссіз күйде құдықтан шығарылды.  Сағат 12.15 кезінде жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері өлімді растады»,  делінген басқарма ақпаратында. 

Айта кетейік, кеше 29 жастағы қыз ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлап кеткен болатын.

Құтқару жұмысына Төтенше жағдай департаментінен, жедел жәрдем мен полиция қызметінен 31 адам және 5 техника жұмылдырылды.