Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет үлкен ұлының сырқаты туралы айтып берді.
"Мұрнынан да, аузынан да қан кетті": Дина Төлепберген ұлының сырқаты жайлы айтты
kaz.nur.kz
10,780
оқылды

Сол себепті де "Астарлы ақиқаттан" кеткен екен. Бұл туралы журналист "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді. 

Оның айтуынша, баласына ауыр диагноз қойылған.

"Біз басқа үйге көшкелі үлкен ұлымның мұрнынан жиі қан аға бастады. Ол кезде жаңа үй, жаңа мектеп салдарынан сәл күйзелісте жүрген шығар деп ойладым. Десе де, дәрігерге қаралдық. Тиісті емі де жазылды. Бірақ оны қабылдасақ та, қан тоқтамады. Бір күні ұлымның денесі біреу тепкіге алғандай көгеріп кеткенін байқап қалдым. Сол түні мұрнынан қан тоқтамады. Бірден жедел жәрдем шақырттым. Оны жансақтау бөліміне алып кетті. Тромбоциттері 7 мың, одан кейін 4 мың болып кеткен. Ал дені сау адамдарда ол 180-300 мың болуы керек. Ауруханада да қаны тоқтамады. Түкірсе де қан шығып жатты. Тек құлағынан ғана ақпады. Дәрігерлер "онкология шығар" деп айта салды. Сенбедім.

Ертесіне тромбоцитопения пурпура деген дигноз қойылды. Үш апта ауруханада жаттық. Бірақ баламның бұл дертке қалай тап болғанын әлі де түсінбедік. Ауруханадан шыққан соң гормоналды терапиядан өттік. Қорқынышты. Дәрі де көп ішті", – деді тележүргізуші.