Сазгердің айтуынша, 10 жыл бойы "Республика сарайында" ән кешін өткізе алмай жүрген.
"Мен тірі тұрғанда сені Республика сарайына жолатпаймын" деді": Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты
Фото: kznews.kz
24,634
оқылды

Әнші, композитор Гауһар Әлімбекова "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында неліктен біраз уақыттан берін ән кешін бермегенін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Сазгердің айтуынша, 10 жыл бойы "Республика сарайында" ән кешін өткізе алмай жүрген. 

"Негізі мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде "Республика сарайында" ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі "мен тірі тұрғанда сені "Республика сарайының" маңына жолатпаймын" деп айтқан болатын. Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін бергізбеді. Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыттар болды. Бірақ, сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жаным гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім", - деді өнер иесі.