Қазақстан бойынша тұман, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Тұман, көктайғақ, бұршақ: 28 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: caravan.kz
1,090
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Батыс Қазақстанның орталығы үстінде орналасқан белсенді циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде – қатты жаңбырды сақтайды. Қазақстан бойынша тұман, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан тау асуларында, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 30 м/с-қа дейін және одан да көп қатты жел күтіледі.