Жемқорларды заңмен жаза­лағанда аяушылық болмау керек. Соның ішінде мүлкін тәркілеу жағы елімізде әлсіз болып тұр.
Жемқорларға кешірім болмауы керек
коллаж: Елдар ҚАБА
849
оқылды

Осы кемшілік олардың жазасын түрлі жолдармен тез өтеп шығып, одан әрі шалқып өмір сүруіне мүмкіндік беріп отыр. Сарапшылар оны қа­таңдатудың тиімді жолдарын ұсы­нады.

Қылмыстық қудалауды тоқтатқан дұрыс емес 

Былтыр коррупцияға батқан ел­­дер­дің әлемдік рейтингінде алдың­­­­ғы жылмен салыстырғанда 3 балл артық жинап, жағдайын сәл жақсартқан Қазақ­­стан 100-ден 39 балл ғана ала ал­ды. Осылайша, 180 мемлекеттің іші­­­­­­­­нен 92-орынға ие боп, ең сыбайлас жемқорлық жайлаған елдер тізімінен шыға алмай қалды. Бұл рейтингті жа­сайтын Transparency International ха­лықаралық антикоррупциялық қоз­ғалысы 50-ден төмен ұпай жинаған ел­дерді парақорлық дендеген мемле­кет деп есептейді. Сол айтқан­дай, кор­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­руп­­­циялық қылмыстар мемле­­­­кеті­­міздің, қоғам мен жеке тұлғалар­­дың мүд­­делеріне орасан зор зиян келтіріп отыр. Әсіресе, мүліктік шы­­­ғын мил­­­лиардтаған теңгені құрайды. Мәселен, 2021 жылы сыбайлас жем­­­қорлық қыл­­мыстары бойынша қылмыстық істер­­ден келген шығын көлемі 9 миллиард 655 миллион 348 мың теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 12 миллиард 348 миллион 425 мың теңгені құраған. Ал былтыр тіпті 51 млрд 36 млн 153 мың теңгеге бір-ақ жеткен. Неге олай? Оның себебі көп. Соның негіз­гілеріне тоқталып өтелік. Бірін­шіден, жем­­­қорлардың мүлкі тәркіленбейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бары­­сын­да құқық қорғау және арнайы ор­гандар басты назарды жасалған қыл­мысты дә­лелдеуге, яки оның ай­­­­­­­­­­­­­­­­­ғақ­­­­­­­­­­­­­­та­­рын табуға салады. Ал тәр­­кілеуге жататын мүлікті тінту мен анықтауға тиісті көңіл бөлін­­бейді. Өйткені бұл органдарда онымен айналысып отыратын мамандар жоқ. Осылайша, әшкереленуден қорқып, қылмыстық жолмен тапқан активін алдын ала жасырған жемқорлардың келтірген залалы өтелмей қалады. Оған бір мысал, былтыр Қылмыстық кодекстің 366-бабымен пара алғаны үшін 198 адам сотталған. Солардың тек 18-і ғана мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жазаға тар­тылған. Сол сияқ­­ты Қылмыстық ко­декстің бөтен­­­нің се­­ніп тапсырылған мүлкін ысырап ет­­­кені немесе жымқыр­ғаны үшін жа­уап­кершілік қарастырылған 189-бабы бойынша 517 адам сотталған болса, олардың тек 9-ының ғана мүлкі «кәм­­пескеленген». Мұндай статис­­тика коррупционерлерге қарсы кон­­фис­­­кация жазасының қолданылмай­­­ты­нын көр­сетеді.

«Бұл жерде негізгі мәселе Қыл­­мыс­тық кодексті шектен тыс либе­­­рали­­­за­­циялауда жатыр. 2014 жылы басталған бұл үрдіс құқық қолдану пра­к­тикасында қылмыстық жауап­­­кершіліктен босату, жазаны анағұрлым жеңіліне ауыстыру түрінде жиі көрпініс тапты. Бұл қылмыс­­тық сая­саттың аса маңызды прин­­­­цип­­теріне, әсіресе әділеттілік қағи­­датына және міндетті жауапкершілік пен жаза­­ның бұлтартпастығы қағидатына теріс әсер етті. Содан келіп қылмыстық қуда­­лау орбитасындағы адамға профи­­лак­тикалық әсер ету пәрменділігі де әлсі­реді. Мәселен, ҚК-нің 65-бабы 1-бө­­­­­­­­­­­­­лігінің екінші бөлімі сотқа кор­­­­руп­­­­­­­­­­­­циялық қылмысты алғаш рет жа­­са­ған адамды, шынымен өкініп, айы­бын мо­­­­йындайтын болса, қыл­мыс­тық жауап­­­кершіліктен босатуға құқық береді. Бұл дегеніміз, тіпті ҚК 366-бап 4 бөлігіндегі 10 жылдан 15 жылға дейін бас бос­тандығынан айы­ру жазасы қарасты­­рылған ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаған адамды да соттамауға болады деген сөз. Сондай-ақ оның қылмыстық жолмен алған мүлкі де тәркіленуге жат­пайды. Оған белгілі бір лауазым­дарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза да қолда­­нылмайды. Мұн­дай жағдай біздің елімізде болған. Мысалға, аталған баптар бойынша істі болған «Қорғас» ме­кемесінің бұрынғы басшысы Васи­­­­­­лий Ни мен сол іс бо­йынша пара беру­ге қатысқан М.Сай­­дуллаеваның қылмыстық жауапкер­­­­ші­ліктен бо­са­тылғанын келтіруге болады. Естеріңізде болса, олар 1 млн АҚШ дол­­лары кө­леміндегі аса ірі пара­­мен ұстал­ған бо­латын. Бір қызығы, осы тұлғаларға қа­тысты қылмыстық іс сыбайлас жем­­­­­­қор­лыққа қарсы күрес басқармасы тара­пынан тоқтатылды», – дейді Әділет ми­нистрлігі Заң шығару және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қыз­меткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Саттар Рахметов.

Профессордың айтуынша, бұлайша қылмыстық қудалауды тоқтатқан дұрыс емес. Айталық, 2021 жылы елімізде 1 557 сы­­­­байлас жемқорлық қылмысы тір­келген болса, оның 1 276-сы бойынша сот­қа дейінгі тергеу аяқталып, 1 150-і сот­қа жолданған. Осы тұста 126 іс ақтауға жатпайтын негізде, 1 096 іс ақтауға жата­­тын негізде тоқтатылған болса, 34 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеулер үзі­ліп қалған. 2022 жылы жылы бұл көрсет­­­кіштер: ретіне қарай 1 724 – 1 501 – 1 267 – 234 – 1 117 және 99 қылмыс болған, ал былтыр: 1 692 – 1 451 – 1 221 – 230 – 725 және 142 қылмыс. Бұл деректерден қылмыстық істердің айтарлықтай көп бөлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру саты­сында тоқтатылатынын аңғаруға болады. Тіпті, 2021-2022 жылдары өндірісі тоқта­тылған және мерзімдері үзілген істер саны сотқа жолданғаннан да асып түскен. Сол сияқты жазаның ең жұмсағы – айыппұл салу өте жиі, ал ең қатаң түрі – бас бостан­дығынан айыру өте сирек қолданыла­­тынын атай кеткен абзал. Мәселен, істі болғандардың 64-74%-ы айыппұлмен құтылады екен. Ал бас бостандығынан айырылғандардың үлесі 30%-ға да жет­пейді. Бұл бір жағы жаза тағайындауда алалушылық бар екендігін де аңғартады. Өйткені ауырлығы мен саралануы бірдей баптардың жазасын таңдауды сот шешеді. 

«Айыппұл салу немесе бас бостан­­дығынан айыру жазасының тиімділігі жоғары деп айтуға болмайды. Мұндағы ең бір нәтижелі шара – конфискация болар еді. Бірақ коррупционерлер қылмыстық жолмен тапқан мүлкін шетелге тыға­тын­дықтан, мұндай жаза қолданыла бер­мейді. Түрлі бағалаулар бойынша, тәуел­­сіздік жылдарында шетелге 165-450 мил­­­­­­­­лиард доллар аралығында қаражат шығарылған. Қаржы министр­­­­лігінің мәліметінше, біздің 30 мыңға жуық ше­неуніктер өз активін шетелде жасырып отыр. Сондықтан да жазасында мүлкін тәркілеу қарастырылатын коррупциялық немесе өзгедей де қылмыстық іс тіркел­ген­нен бастап айыпталушының мүлкін іздейтін арнайы жедел топ құрылуы тиіс. Біздің заңнаманың әлсіздігі – осында. Мәселен, шетелдердің қылмыстық заңна­­­маларында жемқорлық қылмыс жасаған­­дарды жауапкершіліктен босату қарас­­­тырылмаған. Айталық, Францияның қыл­мыстық құқығында қылмыстық жа­­уап­­­­кершіліктен босату институты мүл­дем жоқ. Тіпті, рақымшылық жасау мен кешірім берудің өзі тек жазадан босату дегенді білдіреді. Германия мен Белгия­­ның Қылмыстық кодекстерінде де сондай. Немістер тіпті ескіру мерзімі өтіп кетсе де қылмыстық жауапкершіліктен босат­­пайды», – дейді профессор Саттар Мұқанұлы.

Оның айтуынша, біздің елде бұған де­йін жемқорларға қарсы заңды қатаң­датудың орнына, жұмсартумен келген. Мәселен, 2018 жылы ҚК 46-бабы 5-бө­лігінде жазаны жұмсарту қарас­­­­тырылып, коррупциялық қылмыстар үшін соттал­­ғандар жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу ме­кемесінде өтеуге мүмкіндік алған, яки қоныс-колонияларында орналасып, ай­дауылсыз жүре алатын болған. Бұл ол­қылық қоғамда резонанс тудырып, 2020 жы­лы заң қайта өзгертілді. Бірақ корруп­циялық 6 ауыр қылмыс бойынша бұрынғысынша жеңілдік сақталып қалып отыр. Сондықтан да елімізде ан­ти­­коррупциялық заңнамалар әлі де болса қайта қарауды талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, жемқорларға кешірім болмау керек. Соның ішінде мүлкін тәркілеу жағын күшейтіп, оларды тай­раңдатып қоюға болмайды.

Коррупционерлердің суретін жариялау керек

«Жемқорлықты жеңуге бола ма?» деген сұрақ әлеуметтік жауапкершілігі жо­ғары әрбір жанды мазалайтыны рас. «Ендеше не істемек керек?». Мұндай сұ­рақты біз жемқорлықпен қарсы күрес мақсатында құрылған «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестіктің жетекшісіне де қойған едік. Дидар Нұркенұлы толық жеңуге болмаса да, деңгейін төмендетуге болатынын айтады. Бұл үшін тек қана бір тәсіл керек. Ол – заңсыз баюға қарсы жауапкершілік енгізу.

«Мысалы, өмір бойы мемлекеттік қыз­метте істеген, жалақысы 250-300 мың теңге болған адамдар бар. Бірақ тұратын үйі зәулім сарай, мінген көлігі соңғы үлгідегі модель, баласы шетелде қымбат оқу орнында оқиды, әйелі шетелге шо­пингке барады, жылына бес-алты рет ең мықты туристік қалаларда демалады. Міне, осының бәріне ақшаны қайдан алады? Осы сұрақты міндетті түрде қою керек. Егер осы сұраққа жауап бермесе, автоматты түрде жауапкершілікке тартуға тиіспіз. Әлемде мұндай мысалдар өте көп. Мәселен, Гонконгты алайық, 1970 жыл­­­дары ондағы мемлекеттік ап­­­­парат­тың жемқорлық деңгейі 92-93% болды. Олар сол кезде заңсыз баюға қарсы жауапкершілікті енгізді. Енді, міне, қазір бұл ел жемқорлықсыз мемле­кет ретінде жоғары деңгейде тұр. Сон­дықтан елімізде заңсыз баюды енгіз­геннен кейін ғана біз жемқорлықты жеңе аламыз. Бірақ бізде мұндай жауап­кершілік 2027 жылдан бастап енгізілгелі отыр», – дейді «Әділдік жолы» РҚБ-ның бірлестік директоры Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, жемқорлықты заң­мен тыйым салып, санкциялық не­­месе пенитенциарлы жолмен жеңу мүмкін емес екен. Өйткені ол –әлеумет­­тік неме­се қоғамдық пробле­­­мадан бұрын, пси­хологиялық проблема. Мысалы, Қытайда өлім жазасы бар. Жылда мың­­даған ше­­неуніктер ұсталып, көпші­­лігі ең қатаң жазаға тартылып жатады. Бірақ статис­тикасында жемқорлық деңгейі төмендеп жатқаны көрінбейді. Сондық­тан да заңды қатаңдата түсу қажет болар, бірақ екінші жағынан, бірлескен антикор­рупциялық мәдениетті де қалыптастыру керек.

«Мемлекет пен қоғам бірігіп күресуге тиіс. Мәселен, 2018-2019 жылдары жем­қорлардың тізімін суретімен бірге жа­риялау керек деп ұсынғанбыз. Сол кездегі Антикордың төрағасы Алик Жатқан­байұлына бұл мәселені бірнеше рет айт­қанбыз. «Әртүрлі жоспарларға, тұжы­рымдамаларға осындай шараны енгізу керек», – дедік. Мен өзім антикор қыз­меткері ретінде де мұны жеткіздім. Ол бастамамыз қолдау тапты. Енді бұл шара биылдан басталады. Тиісті заңға қол қойылды. Алдағы уақытта жемқор­лар­­дың тізімі жарияланатын болады. Бұл да оларды қоғамнан шеттетудің, жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру­дың бір жолы. Міне, осы секілді батыл қадамдар қажет», – дейді ол.

Десе де, жаңа жылдың алғашқы тоқ­саны өтіп барады. Жемқорлардың суреті мен тізімі әлі жоқ. Бұл да болса, пара­қорлықпен күресте үлкен тайта­ластың барын білдірсе керек. Бәлкім, Асқар Жұмағалиұлы басқаратын Сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­­тігі үшін жаңа жыл наурыздан басталатын болар. Қандай жағдайда да антикордың жемқорлықпен ымырасыз күрестегі қа­жырлы еңбегіне тек қана тілектеспіз!

Нұрлан ҚОСАЙ