2024 жылғы 2 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша төрт облыста (Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай) күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында төрт жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 685 метр болатын су тасқыны болды.
Қазақстанның төрт облысында жолды су шайып кетті
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
555
оқылды

Қазақстанның төрт облысында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын су шайып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 2 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша төрт облыста (Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай) күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында төрт жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 685 метр болатын су тасқыны болды", - делінген хабарламада.

Төрт облыстағы республикалық маңызы бар төрт автомобиль жолында (ұзындығы 216 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 696 бірлік техника мен 1618 адам жұмылдырылған.