Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында жазды.
Қазақстанда заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады
624
оқылды

Президент Әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген.

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында жазды.

"Жоспарға сәйкес 10 заң (есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, археология саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наградалар туралы және басқалары) әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ. Бір сөзбен айтсақ, Президенттің Атырауда көтерген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр",  – деп жазды ол.