Танымал актриса Әсел Асқар REVUE NEWS бағдарламасына қонақ болып, біраз сырын ақтарды.
Бір ғана теріс әдетім бар: Әсел Асқар темекі шегетінін айтты
1,023
оқылды

Өнер иесі темекі шегетінін ешкімнен жасырмайтынын да жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алайда, соңғы кездері оның денсаулығы сыр беріп жүр екен. 

"Қазір денсаулығымды дұрыстап жатырмын. Стресстен кейін денсаулығым нашарлады. Алдымен ішкі құрылысымды емдеуден бастадым. Сосын гормондарды емдедім. Менің бір ғана теріс әдетім бар. Темекі тартамын. Оны айтудың ұяты жоқ деп ойлаймын. Оны халық көреді, көшеде көреді. Айтпасам, мүлде өзгермеймін ғой", – деді Әсел Асқар.