«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ еліміздің 5 облысындағы республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы шектелгендігін мәлім етті.
5 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 7 бөлігінде козғалыс шектелді
Фото: depositphotos.com
566
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ еліміздің 5 облысындағы республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы шектелгендігін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 сәуір сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 955 метр болатын су тасқыны болды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында (ұзындығы 336 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

«Сағат 16:00 шамасында еріген қар суының салдарынан Маңғыстау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді»,-делінген хабарламада.