Қостанай облысында 25 наурыздан бастап апатпен арпалысып жатыр.
Қостанай облысында Тобыл өзені бойынан 4 мың адам құтқарылды
308
оқылды

 Өңірдің оңтүстік төңірегінде ең жоғары қауіп Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарында болды. Қазір Қостанай қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланған. Себебі  Тобыл өзені көтерілді. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ алаңында мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, өңірде әлі күнге дейін адамдарды құтқару және де Тобыл өзені маңайындағы халық тұратын жерлерде эвакуациялық жұмыстар жалғасуда. Барлығы 4 мыңнан астам адам құтқарылды. 

«Жалпы, жеке құрам және волонтер, өзіміздің Полиция департаменті, сырттан келген Қызылорда Қарағанды әскери қызметкерлер саны 2 мыңнан астам адам қызмет жасауда. 72  теxника қызмет жасауда және де бүгінгі Қостанай облысы бойынша жағдай, Қостанай қаласы бойынша жалпы жағдай тұрақты күрделі деп айтуға болады. Қостанай облысы бойынша республикалық штаб жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай министрі Аринов Чингис мырза осы Қостанай қаласында осы жалпы тұтас жағдайды өзі қадағалап, осы жерде басқарып отыр. Халыққа айтарымыз, кез келген суға  қауіпті болып тұрған үйлерді, xалықтың қандай бір кез келген басына түскен ауыртпалықты 112  телефонына xабарлассаңыз, біздің Call орталқтарына хабарлассаңыз болады», – деді спикер.