Күдікті алаяқтық жолмен бірнеше адамның ақшасын иемденіп кеткен.
Түркістан облысында тұрғын үй кезегін жеделдетпек болған алаяқ ұсталды
458
оқылды

Түркістан облысында полицейлер баспана кезегін жеделдетуге уәде беріп, тұрғындарды алдаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

25 сәуірде алданғанын айтып жеті адам полицияға жүгінген.

– Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің сеніміне кіріп, тұрғын үй кезегін ұзартуға уәде берген 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегін көтеруге көмектесіп, 100 мың теңге алып, көзден ғайып болған, - делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктінің алаяқтық жолымен тағы алты жергілікті тұрғынның ақшасын иемденгенін анықтаған.

– Оларды баспана аламыз деп жалған уәдемен көндірген әйел ақшаларын алып алдап кеткен. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, - деді полиция.